⚜️Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік орталығының 2024 жылы 15 қазандағы №45 санды бұйрығы негізінде 2024 жылы 22 қараша күні Индер ауданы Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде шағын жинақты мектептер мұғалімдерінің тәжірибелерін тарату негізінде облыстық "Үздік сабақ" байқауы өтті.
⚜️Байқау қорытындысы бойынша Құрманғазы ауданы Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Лукпанова Куралай Кыдыровна жүлделі І орын, Махамбет ауданы Есбол орта мектебінің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Гульмира Тұрғанбаева Ихсанқызы жүлделі ІІ орын, Индер ауданы Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мадиева Арна Батырғалиқызы жүлделі ІІІ орынға ие болса, Исатай ауданы Томан бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Султангубеева Рамиля мен Қызылқоға ауданы №75 бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омарова Нуран Зейнеденовна Алғыс хатпен марапатталды.
👏ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏
Индер Аудандық Білім Бөлімі
Атырау Облыстық Әдістемелік Орталығы

