Ауыл тынысы, соның ішінде алтын ұя мектебімізде болып жатқан жаңалықтар.Апта сайын әр сыныпта сыныптан тыс шаралар болуда. Мақсатымыз: оқушыларды адамгершілікке,инабаттылыққа, ортада жақсы өмір сүріп,бақытты болуға бағыттау.
Осы негізде мектебімізде зейнеткер ұстаздарымызбен кездесу, ұстаздарымызды еңбектеріне сай марапаттау, түрлі спорттық сайыстар, оқушыларымыз жүлделі орынға ие болу кезіндегі марапаттау сәттері, күз мезгіліндегі бакша өнімдерінен түрлі ас мәзірін жасау сәттері өтуде.
Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.
"Ас- адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл- өте құнды мақал. Өткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады.