«Қазіргі ақиқат жағдайында мұғалімнің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында аудан көлемінде тамыз кеңесі болып өтті. Білім ордаларында ұстаздардың жеткен жетістіктерін,өз білімдерін жетілдіре отырып,болашақта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 3D виртуальдық лабораториялармен жұмыс жасай білуге дағдылануда екенін атап өтті.
2017-2018 оқу жылында тәрбиелік шаралар бойынша аудандық, облыстық,республикалық көлемде сайыстарға қатынасып,жүлделі орындарға ие болған озаттар мен үздіктерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен министрліктің алғыс хатымен және Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Гребенщик орта мектебі бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажибаева Гулайым Майлыбайқызы министрліктің алғыс хатымен марапатталса, тәрбие ісінің меңгерушісі Халидуллина Мустахима Мұқанқызы Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шағын жинақталған мектепте ұстаздарымыздың еңбектері еленіп,биік шыңдардан көрінгені біз үшін мәртебе.