Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 33 жылдығына орай мектебімізде АӘД пәнінің мұғалімі Ә.Әмірханов және "ЖАСҰЛАН" патриоттық клуб мүшелерімен,Ынтымақ мәдениет үйімен бірлесе отырып" Ауғанстан ақиқаты"тақырыбымен ауыл тұрғыны, Ауған соғысының ардагері Жұмағалиев Дүйсекен Ғилымұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу.Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке,ерлікке баулу, Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету.